Казахский язык - 2
Тексты:
1) Функционалдык стильдер;
2) Тілдік норма;
3) Іс қағаздар стиліндегі стандарт тілдік бірліктер.
4) Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары.
5) Монолог
6) Техникалық сипаттама
7) Презентация.
8) Телефонмен сөйлесу этикасы.
9) Іскерлік хат жазысу
10) Жарнама
11) Аударма туралы түсінік.Аударманың түрлері
12) Техникалық аударма
13) Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының
14) Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері
15) Ауызша сөйлеу тілі этикасы.
16) Техникалық терминдер-ң жасалуы-ң аналитикалық(синтаксис-к)тәсілі.
17) Терминдердің жасалу тәсілдері. Синтетикалық тәсіл
18) Актив жұрнақтар арқылы жасалатын терминдер
19) Пассив жұрнақтар арқылы жасалған терминдер
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолын хронологиялық тәртіппең қысқаша көрсететің ресми құжат.
Өмірбаянда келтірілетің мәліметтер мындай тәртіппен жазылады:
1) Құжаттың аты;
2)Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері;
3) Ұлты;
4) Білімі, оқыған орындары;
5) Қоғамдық-саяси қызметі;
6)Отбасы жағдайы, ата-анасы, туған-туыстары;
7) Қазіргі жұмысы, мекенжайы.
Түйіндеме (резюме) — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Схема:
ҚР-сы
Алматы қаласы
Туған жылы
Ұлты (нация)
Жынысы (пол)
Отбасы жағдайы (семей положение)
Азаматтығы (гражданство)
Білімі (образование)
Кәсібі тәжірибесі (проф. опыт)
Тілдік дағдылары (знание языков)
Компьютерлік сауаттылығы (знание компа)
Жеке қасиеттері (личные качества)
Қосымша ақпараттар (доп сведения)
Қызығушылығы (хобби)
Түйіндеме жазған адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оның білімі, біліктіліг, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керек керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Аңдатпа (анотация)– жазылған еңбектердің, оқұлықтар, ғылыми мақалалар, рефераттар, диплом және бітіру жұмыстарының т.б. қысқаша мазмұнын баяндайтын құжат түрі.
Бұйрық (приказ)– кәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрық – кәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімнесін құру, жою, қайта құру;
Өтініш (просьба, заявление) – белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын жүзеге асыруды өтініп жазатын ресми құжат.
Шақырухат Шақырухат клиенттерді, қызметкерлерді, басқа кәсіпорын басшыларын немесе қызметкерлерін кеңестерге, салтанатты жиналыстарға, көрмелерге, тұсаукесер және т.б. шараларға шақыру мақсатымен жазылады.
Алғыс хат
Алматы энергетика және байланыс институтының орыс және қазақ тілдері кафедрасының аға оқытушысы М.Қ.Нұрмахановаға/Құрметті Маржан Қалжанқызы! / «DUCAT» компаниясы, Алматы энерегетика және байланыс институты және Алматы қаласының Әкімі жанындағы білім, ғылым және мәдениет комитеті Сізге «Қазақстан телекоммуникациясының болашағы» жобасын жүзеге асыруда және Алматы қаласында Республикалық телекоммуникациялық олимпиаданы өткізуде көрсеткен баға жеткісіз көмегіңіз үшін шың жүректен алғысын білдіреді.
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.
Сенімхат –сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беру туралы құжат.
Сенімхаттың 2 түрі бар:
кәсіпорындарға берілетін ресми;
азаматтарға берілетін жеке.
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауар-материалдық құндылықтарды алуға н/се басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі.
Оның деректемелері: ұйымның атауы, ұйым туралы анықтамалық деректер, құжат түрінің атауы, құжаттың тіркеу нөмірі, құжаттықң мәтіні, лауазымды тұлғалардың қолы, кәсіпорынның мөрі.
Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы немесе бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады. Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлесмдерді, зейнетақыларды, стипендияларды, банктердегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді, кадр бөлімінің инспекторы қолын растаса жеткілікті. Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады:құжат түрінің атауы; құжаттың күні; мәтіні; сеніп тапсырушының қолын және оның талдамасы; сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы; сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымының мөрі.Сенімхат, әдетте, онда көрсетілген іс-әрекетті өткізу мерзіміне беріледі. Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда ол өз күшін берілген сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып табылады. Сенімхат 3 жыл сақталады.
Анықтама Анықтама белгілі бір мәселе бойынша мәтін немесе кесте түрінде хабар беретін құжат. Анықтаманың екі тобы болады: бірі қызметтік сипаттағы жағдайларды анықтап, мүлделі тұлғалар мен кәсіпорындарға беріледі, екіншісі атқаратын қызметі, жалакысы, тұратын жері т.б. мәліметтерді растайды.
Өмірбаян
1:
Мен, Исатаев Айдын Нурланұлы, 1991 жылы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Семей ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1998-2009 жылдар аралығында Семей ауданындағы 7-ші орта мектеп-лицейінде оқыдым. 2009 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің жылу энергетика факультетіне оқуға түстім. Қазір автоматизация және басқару бакалавриатының 2-ші курс студентімін. /Отбасымда 4 адам: әкем, шешем, және інім. /Қосымша мәліметтер: компьютерде Word, Excel, C++, Internet программалармен жұмыс істей аламын. Ағылшын және орыс тілдерін жақсы меңгергенмін.
2:
Мен, ДФЕ, 1993жылы 18қаңтарда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында тудым. Ұлтым-қазақ. 1999-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №142 орта мектебінде оқыдым. 2010 жылы АЭжБУ жылуэнергетика факультетіне оқуға түстім. Отбасымда 5 адам бар. Олар:әкем,анам,ағам,әпкем және мен. Әкем-...Анам-...Ағам-..Әпкем-.. Қосымша мәліметтер: компьютерде Windows 98,Word, Excel, internet программаларымен жұмыс істей аламын, қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізе аламын, аздап түрікше сөйлеймін. Мекен жайым:...
3:
Алматы қаласы, Әуезов көшесі
25-үй, 14-пәтерде түратын
Б.Кеңесбаев мырзаға
ХАБАРЛАМА ХАТ
2003 жылғы 14 қазанда жасалған келісімге сәйкес. Сіз электр энергиясын пайдалану төлемакысын ай сайын төлеп түруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2004 жылдың 15 мамырына дейінгі сіздін карызыңыздың көлемі 120 000 (жүз жиырма мың) теңге.
Егер осы жылдың 15 шілдесіне дейін қарыз төленбесе, біз өз гарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.
Сондай-ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге катысты іс козғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.
«Астанаэнерго» ААКпрезидентінің
орынбасары Ж.Бақтыгереев.
2004 жылгы 20 мамыр.
Түйіндеме (резюме)
1:
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы/ Шашкин көшесі, 3 жатақхана, 411 бөлме; Исатаев Айдын Нурланұлы. Туған жылы: / 16.04.1991 ж.; Ұлты: / қазақ; Жынысы: / ер адам; Отбасы жағдайы: / үйленбеген; Азаматтығы: / Қазақстан Республикасы; Білімі: / толық орташа 1998-2009 Семей 7 орта мектеп-лицейі; Кәсіби тәжірибесі: / жоқ; Тілдік дағдылары: / орыс тілі – еркін, ағылшын – орташа; Компьютерлік сауаттылығы: /Windows XP, Microsoft office, internet, AutoCad.
2:
Қазақстан Республикасы дом.адрес...
Алматы қаласы телефон:..
Дайыр Фатима Есенгельдыкызы
Туған жылы, ұлты, Жынысы, Азаматтылығы, Білімі:1999-2010 №142 орта мектеп Алматы қаласы 2010-2014 АЭжБУ, ЖЭФ, өндірістік экономика мамандығы. Кәсіби тәжірибесі:жоқ. Тілдік дағдылары: қазақ тілі-ана тілі, орыс тілі-еркін, ағылшын тілі-жақсы. Компьютерлік сауаттылығы: Windows98,Word, Excel,internet. Жеке қасиеттері: ұстамдылық,жауапкершілік,ұйымдастырушылық ж/е басқарушалақ қабілет т.б. Қосымша ақпарат: компьютерлік курстар, “Life”тіл курстарының сертификаты.Қызығушылығы:БАҚ, спорт,саяхат.
Аңдатпа (анотация)
1:
Шевченко В. С.
БВТ-04-4
АНДАТПА
Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан окытуга арналған WеЬ -сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі мәселелер зерттеліп анықталған:
-жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар, WеЬ-технологиялар мен жобалау тілі;
- программалык және ақпараттық құралдар;
Құрылған жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген. Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарыктандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген.
АННОТАЦИЯ
В данной выпускной работе разрабатывается WеЬ - сайт для дистанционного обучения по предмету Интернет - технологии. Для создания эффективной обучающей системы исследовано и определено следующее:
- цели, существующие WеЬ-технологии и язык разработка, необходимые для каечственного функционирования данной системы;
- прогаммные и аппаратные средства.
Производен расчет экономической эффективности разработанной системы. Рассмотрены вопросы безопсности жизнедеятельности, условий труда, выполнен расчет освещенности и кондиционирования рабочего помещения.
2:
Исатаев А.Н./БАУ-09-07/ Аңдатпа./ Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан оқытуға арналған Web-сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі мәселелер зерттеліп анықталған: -жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар, Web-технологиялар мең жобалау тілі; -программалық және ақпаратық құралдар. /Құрылған жүйесінің экономикалық тиімділігі есептелген. Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарықтандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген
3:
Дайыр Ф.
Бэп-10-01
Аңдатпа
Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан оқытуға арналған Web-сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі мәселелер зерттеліп анықталған: -жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар,Web-технологиялар мен жобалау тілі; -программалық және ақпараттық құралдар;
Құрылған жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген. Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарықтандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген.
Бұйрық (приказ)
АЭжБУ сырттай оқу ж/е мамандарды қайта даярлау факультеті бойынша
1:
№9 Бұйрық
Алматы қаласы 21.05.2011ж
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмаған студенттер туралы
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмағандарына байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
Мына студенттер университеттен шығарылсын:
1.Семенов В.В
2.Куренов А.Р.
3.Данияров Б.Г.
АЭжБУ сырттай оқу ж/е мамандарды қайта даярлау факультеті-ң деканы, профессор (подпсиь)
М.М.Аршидинов
Хатшы (подпись) Г.Қазтаева
2:
№ 9 Бүйрық
Алматықаласы 21.05.2005 ж.
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмаған студенттер туралы
Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмағандарына байланысты
БҮЙЫРАМЫН:
Мына студенттер институттан шығарылсын:
1. Семенов В.В.
2. Нефедов К.И.
3. Жетенов Т.М.
Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оку және мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы.
Профессор М.М.Аршқдинов
хатшы З.Садырова
Өтініш (просьба, заявление)
АЭжБУ ректоры, проф.Ғ.Ж.Дәукеевке
Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
Г.Т. Қазтаевадан
Өтініш
2011 жылғы шілде айының 5-інен бастап осы жылғы кезекті еңбек демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.
Г.Қазтаева.........
2011 жыл, маусымның 5-і
Шақырухат
1:
Құрметті Гүлнәр Төлешқызы!
Сізді біздің фирмамыздың 10 жылдығына арналған салтанатты кешке шақырамыз. Кеш 21 маусымда сағат 17-де «Рахат палас» қонақ үйінің холында өтеді.
«Жерұйық»фирмасының директоры Дайыр Ф.Е.
2:
Құрметті Ирина Андреевна !
2010 жылдың 18 қаңтарда сағат 11.00- де студентердің ғылыми конференциясына шақырымыз.
Студенттер профсоюзы
Алғыс хат
АЭжБУ орыс ж/е қазақ тілдер
Кафедрасының аға оқытушысы
Г.Т.Қазтаеваға
Құрметті Гүлнәр Төлешқызы!
«Ducat»компаниясы ж/е АЭжБУ Сізге «Қазақстан телекоммуникациясының болашағы»жобасын жүзеге асырудабаға жеткісіз көмегіңіз үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Алматы энергетика және байланыс ниститутының
2 курс студенті Шивелина Иринаның ата-анасына
Шивелин А. және Шивелина М.
Құрметті Андрей Валентинович және Марина Александровна.
Алматы энергетика және байланыс Институтың ұжымы атынан Сіздерге алғыс білдіреді.
Қолхат
Мен, Жоланова Заина, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.
2005 жылғы 15 қазан қолы
Сенімхат
Мен, Дайыр Фатима, АЭжБУ-ның электрэнергетика факультетінің 1 курс студенті, Алматы қ, Байтұрсынов к-сі, 10-үй, 55-пәтерде тұратын Гүлнәр Қазтаеваға мамыр айының маған тиесілі стипендиясын алуына сенім білдіремін.
Дайыр Фатима (қолы)
Дайыр Фатиманың қолын растаймын
(мекеменің мөрі) айы,күні,жылы
Анықтама
Осы анықтама Дайыр Фатиманың АЭжБУ жылуэнергетика факультетінің 1-курсында оқитынын растайды.
Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
ЖЭфакультетінің деканы М.У.Зияханов
2010 ж. 11 қазан
Хабарлама хат
Алматы қаласы, Әуезов көшесі
25-үй, 14-пәтерде тұратын
Б.Кеңесбаев мырзаға
Хабарлама хат
2003 жылдың 14 қазанда жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2004 жылдың 15 мамырына дейінгі сіздің қарыздарыңыздың көлемі 120 000 (жүз жиырма мың) теңге.
Егер осы жылдың 15 шілдесіне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.
Сондай-ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатының ж/е сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.
«Алматыэнерго» ААҚ президенті-ң
орынбасары Ж.Қазтаев
2004 жылғы 20 мамыр.
Телефонхат;
АЭжБУ декандарына
Маусым айының 26-күні сағат 16-дан 18-ге дейін оқу корпустарына электр энергиясын беру тоқтатылады. Барлық декандарға осы уақыттағы сабақтардың толық өтілуін қамтамасыз ету тапсырылады.
Қол қойған: АЭжБУ ректоры Ғ.Ж.Дәукеев
Жіберуші: Қазтаева Г., тел:98-74-45
Функционалдык стильдер;
Коротко:
Функционалдық 5 стильдер бар:
- - ғылыми стиль;
- - ресми іс қағаздар стилі;
- - көркем әдебиет стилі;
- - публицистикалык стиль;
- - сөйлеу тілі стилі.
Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанмен, негізінен олар екі үлкен салаға бөлінеді:
а) карым-катынастың бейресми түрі;
б) карым-қатынастың ресми түрі.
Подробнее:
Тіл қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет етеді де, белгілі бір салаға бейімделеді. Сол салада жиі қолданылатын сөздердің сөздігі, арнаулы сөз құрылымдары, мәтін құрудың негізгі принциптері түзіледі.Әдетте қоғамдағы мұндай саланың 5түрі бар.Осы салалардағы қарым қатынас әдеби тілдің 5 түрлі стильдік тармақтары арқылы жүзеге асады:ғылым,білім,оқу-ағарту саласы– ғылыми стиль; құқықтық сала,заңнама т.б.–ресми іс-қағаздар стилі; көркем өнер саласы–көркем әдебиет стилі; қоғамдық саяси сала– публицистикалық стиль; тұрмыстық қатынас саласы–сөйлеу тілі стилі.Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанымен, негізінен олар 2үлкен салаға бөлінеді:а)қарым-қатынастың бейресми түрі;б)қарым-қатынастың ресми түрі. Қарым-қатынастың бейресми түрі сөйлеу тілі арқылы, ал ресми түрі кітаби тіл арқылы жүзеге асады. Өз кезегінде сөйлеу тілі тұрмыстық сөйлеу тілі және қарапайым сөйлеу тілі болып бөлінеді.Ал кітаби тілге а)ресми іс-қағаздар стилі; б)ғылыми стиль; в)көркем әдебиет стилі; г)публицистикалық стиль жатады. Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стиль деген жалпы атпен аталады. Функционалдық сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізгі белгілерінің бірі олардың әрқайсысына тән, жылдар бойы қалыптасу, даму нәтижесінде пайда болған дайын тілдік бірліктердің, стандарттардың болуы. Функционалдық стильдер нормасы-оның негізгі сипат белгілерінің бірі.
Тілдік норма;
Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма-тілдің өзі ұсынған тәртіп. Яғни тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолдану нормалары болады. Бүгінгі тіл мәдениеті-айтуда да, жазуда да дұрыстықтың, сауаттылықтың, жүйеліліктің, қолайлылықтың болуы.«Тіл мәдениетінің өзегі-норма туралы ұғым» дейді академик Сыздықова. Тілдік норманың қалыптасып,даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өмір, яғни экстралингвистикалық факторлар үлкен рөл атқарады.Әр функционалдық стиль – өз тақырыбы, өз жанры, өз лексикасы мен фразеологиясы бар әдеби тілдің ықпалды бір саласы.Іс қағаз жанрларының төмендегідей негізгі ерекшеліктері бар: ресми сипаты; құжатты шығарушы н/се жазушы сипатының көрінуі; құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы; істің нақты жағдайының көрініс беруі н/се бейнеленуі;шешілетін мәселе ауқымының шектеулі болуы;стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы; құрылым тұрақтылығы Қай мамандықтың иесі болмасын сөйлеу мәдениетін жақсы меңгерсе, сөздің мағыналық қырларын, тұлғалық құрылымдарын әдеби тілдің нормаларына сай қолдана алса, оның сөзі өтімді болады.
Іс қағаздар стиліндегі стандарт тілдік бірліктер.
Стандарт тілдік бірліктерді ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде тануға болады. Оның ұтымды жағы:қолданысқа дайын;үнемді;үйреншікті. Іс қағаздарында жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді формасына қарай стандарт сөздер, стандарт сөз тіркестері, стандарт құрылымдар, стандарт сөйлемдер ж/е стандарт мәтіндер деп топтастыруға болады.Іс қағаздар тіліндегі стандарт сөздерге ең алдымен іс қағаздарының атаулары жатады: анықтама,аңдатпа,куәлік,бұйрық,жарғы, жарлық, жолдама, заң, хаттама, өмірбаян, түйіндеме, сенімхат, қолхат, т.б.Іс қағаздарының бірқатары мәтінінің белгілі бөлігі алдын-ала дайындалып, тек қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады. Мұндай құжаттарда негізінен атау тұлғада келетін стандарт сөздер қолданылады. Мыс: аты-жөні, ұлты, азамттығы, лауазымы, мекенжайы, қолы, т.б. Бекітілсін, орындалсын, шешілсін, рұқсат етілсін, босатылсын, тағайындалсын, тексерілсін, т.б. бұйрық рай тұлғалы стандарт сөздер жеке тұрып та, тіркес түрінде де іс қағаздар мәтінінде жиі қолданылады. Іс қағаздар тіліне тән негізгі ерекшелік - құжат мәтінінде қолданылатын сөйлемдердің белгілі бір бөлігінің немесе толық құрылымының стандартқа айналуы.Мыс: Мен үшін қол қоюға өкілетті етемін. Сенімхатқа менің көзімше қол қойылды. Мекеме заңды тұлға болып саналады, және т.б.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеліп, тұрақталған, жалпыға ортақ тұрақталған ортақ заңдылықтары, яғни нормалары бар. Ол заңдылықтардың бір бөлегі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, оны лексикалық нормалар деп атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз. Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтарын орфоэпиялық нормалар деп атаймыз.
Монолог
Монолог–бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы,пікірі,көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы,саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.Жұрт алдында сөйлеуөте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тындаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, сасқалақтамау–сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Аудиторияда ұстамдылықтың қамы ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық,өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адма ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады.
Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:тыңдаушыларға жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.
білгішсініп,мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды. сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың қимылдарын қатыстыруға болады. екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады. айтылатын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс.Шаблон–барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы.Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге трысу қажет. айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керк. Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға оңай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз–алтын, көп сөз-көмір» дегендей, аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек.«Жүйелі сөз жөнін табар» дегендей, сөйлейтін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды.
Техникалық сипаттама
«техникалық сипаттама» тақырыбына арналған сұрақ-жауаптармен танысыңыздар, рөлге бөліп оқыныздар./-Техникалық сипаттама деген не? /-Техникалық сипаттама дегеніміз агрегат, машина, станоктардың қысқаша немесе кеңінен берілген сипаттамасы./-Инженер техникада қолданылатын агрегаттарға, машиналарға, станоктарға техникалық сипаттама беруге үйренуі керек не?/-Иә. Инженер техникалық сипаттама беруге үйренуі керек./-Инженер не үшін техникалық сипаттамаларды білуі керек?/-Қолданылатын техниканың күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін инженер техникалық сипаттаманы білуі керек.\
Презентация
Банк–ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, несие беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша несие беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай–орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті бөлімшелері), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемлекеттік, акционерлік,корпоративтік,аралас, мемлекетаралық банктер болып бөлінеді. Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе,1716–20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы банкттердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады.
Телефонмен сөйлесу этикасы.
Телефонмен сөйлесудің мынадай артықшылықтары бар: шұғыл екіжақты байланыс; уақыттан ұту; еңбек ж/е қаржы шығымдарын үнемдеу; байланыстың үзілмеуі. Телефонмен сөйлесудің бірқатар этикалық талаптары болады, олардың кейбіреулері мыналар:
іскерлік әңгімелер қызметтік телефон арқылы жүргізіледі;әңгімелесушілер өздерін таныстырады;
пәтерге сағат 22-ден кейін және 9-дан ерте телефон соғу этикетті бұзғандақ болып саналады; егер танымайтын адамдарға телефон соқсаңыз, телефон шалуыңыздың себебін ж/е телефон нөмірін кім бергенін айтуыңыз қажет; этикет бойынша телефонмен сөйлесу 5минуттан аспауы керек; телефон тұтқасын 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеру керек; сіздің қоңырауыңызға 15секунд бойы жауап бермесе, тұтқаны қойыңыз;әңгімені бастаған адам аяқтауы керек. Телефонмен сөйлесудің мынадай мақсаттары болуы мүмкін:Ақпарат алмасу, мәлімет жинау, кездесу туралы келісу, тапсырыс беру, құттықтау, этикеттік сипаттағы қатынастарды жоғалтпау т.б. Телефон тұтқасын, лажы болса, 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеріңіз. Алғашқы сөзіңізден бастап өзіңіздің әңгімені адал, тілектестік ниетте ж/е нәтижелі жүргізуге құлықты екеніңізді сездіруге тырысыңыз. Өзін таныстыру міндетті болып табылады. Мыс: «ЭЭФ деканаты, қайырлы күн» Егер абонент өзін таныстырмаса, сіз өзінізге қажет мәліметтерді біліп алу үшін мынадай сұрақтар қоюыңызға болады:«Кешіріңіз,мен кіммен сөйлесіп тұрмын» Әңгімені бастаушы жауап болған соң міндетті түрде өзін таныстыруы керек. Мыс:Қайырлы күн, менің аты-жөнім ..., мен сіздермен ...туралы келісейін деп едім. Телефонмен сөйлесу барысында сөз мынадай болу керек: жинақы; ақпаратқа қанық; жаргон, вульгаризмдерсіз;мүмкіндігінше жалпыға түсініксіз терминдер мен шетел сөздерін қолданбау; агрессиялық фразаларды қолданбау;.
Әңгіменің соңында шешім қабылдануы керек. Сондықтан тараптардың біреуі 1 шешімді ұсынуы қажет, егер ол қабылданып жатса, 2 жақ та өз келісімдерін анық білдіруі керек. Қорытынды кезеңнің мақсаты әңгімені әңгімелесушіде өзіңіз жайлы жақсы пікір қалдыру және сізбен қайта сөйлескісі н/се кездескісі келетіндей етіп бітіру болып табылады. Қоштасарда мынадай фразаларды қолдануға болады: «Сізбен сөйлескеніме қуаныштымын». Телефонмен сөйлескен кезде адамның аты-жөні, жер атаулары, сан есімдер кездессе, оларды буынға бөліп, тіпті жеке әріптері бойынша айту қажет.
Іскерлік хат жазысу
Хат–эпистолярлық қарым-қатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдаяттарға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы жағынан хаттың бірнеше түрі болады.Іскерлік хат жазысу–іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчествалық қабілетіне де байланысты болады.Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі–оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемін 1-1,5 беттен асырмаңыз. Екінші талап– хаттың анық және айқын жазылуы. Іскерлік хатта түсініксіз сөздерді қолданбау–оған қойылатын үшінші талап. Осылайша стандартты түрде жазылатынына қарамастан, адресант үшін оны творчестволықпен жазуына мол мүмкіндік бар. Ол үшін адресаттың нені ұнататынын, немен айналысатынын біліп алудың артықтығы жоқ. Орнымен әзілді де қосып жіберуге болады, әдетте мұндай хаттар тез оқылады әрі есте ұзақ сақталады.
Қазіргі кезде іскерлік хат жазысуда «мен» жіктеу есімдігі қолданылмайды.«Мен сұраймын» дегеннін орнына тек«сұраймын»деп қолданылады,сондай-ақ «Мен орындадым» дегеннін орнына «Орындалды» деп қолданылады. Іскерлік хат жазысу түрлері: сауда-саттыққа байланысты келісімдер; алғыс хаттар; құттықтаулар; кешірім сұрау; талаптар; көңіл айту.
Мақсатына қарай хаттың бірнеше түрі бар:баяндау мазмұнындағы хат(хабарламахат, өмір, қызмет, оқу туралы хат); әсер ету мазмұнындағы хат (шақырухат,өтінішхат,сауалхат,ескертухат); эмоционалды-бағалау мазмұнындағы хат (арызхат, көңіл айту хаты); этикет мазмұнындағы хат (құттықтаухат,алғысхат, кешірімхат). Іскерлік хаттың нақты құрылымы болады: басталуы, негізі, мазмұны және соңы. Хаттың басталуында хатты жазған ұйымның атауы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі. Хаттың негізгі мазмұнында әдетте, осыған байланысты, сол себепті, біздің ойымызша, мүмкіндік болса, Сіздің атыңызға сияқты орамдар қолданылады. Хаттың соңында хат жазушы адамның лауазымы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі, лауазымды адамның қолы қойылады.
Жарнама
1)«Жарнама» спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі. 2)жарнама дегеніміз–белгілі бір фирма, тауар, оның сапасы немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың жариялануы. Жарнамалар БАҚ арқылы беріледі, сондай-ақ сыртта ілінетін жарнама, көліктердегі жарнама, сауда орындарындағы жарнама, мәдени және спорт шараларын өткізу кезінде берілетін жарнамалар болады.Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты – жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс.Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуда. Қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы қазір мемлекет тарапынан ресми қолдау табады. Жарнама мәтінінде сөз ерекше қызмет атқарады,демек, «сөз-күллі фактінің киімі». Жарнаманың әсерлілігі тұтынушының жарнамаланған зат туралы анық түсініктеме алуына байланысты. Жарнамалық стиль «көп қабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы мәтін сөйлеу стсилінде құрастырылады.Жарнама тілінің басты ерекшелігі–әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану.
Жарнама арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді талғап, орынды жұмсау керек.
Аударма туралы түсінік.Аударманың түрлері
Аударма дегеніміз–бір тілде берілген ақпаратты екінші тілдің тәсілдерімен басқа тілге жеткізу. Яғни аударма дегеніміз–түпнұсқа сөзін аудару н/се грамматикалық конструкциялары мен тілдің басқа тәсілдерін беру емес, түпнұсқаның ойын, мазмұнын жеткізу.Аударма ортақ тілде сөйлемейтін адамдар арасында үнемі туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандырады.Аударманың бірнеше түрлері бар. Сөзбе-сөз дәлдік немесе сөзбе-сөз аударма дегеніміз – грамматикалық оралымдарды механикалық түрде көшіру, жеке тілдік бірліктерінің мағынасын беру, терминологиялық ж/е лексикалық тәсілдерді дұрыс таңдамау, түпнұсқа сөйлемдерінің құрылымын өзгертпей сақтау, аудармашыға еркіндік бермеу. Мұндай аударма сапасыз аударма ретінде саналуы мүмкін. Бірақ сөзбе-сөз аударманың артықшылығы бар, ол аударманың ең объективті түрі болып есептеледі. Бастапқы мәтіннің жеке тілдік бірліктерінің мағынасын бере отырып, синтаксистік конструкцияларды көшіріп бере отырып, аудармашы өзіне еркіндік бере алмайды. Сөзбе-сөз аударманың кемшілігі–аударманы қолданатын адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін ескермеу.Мағыналық дәлдікке н/се мағыналық аудармаға екі тілдің стильдік ерекшеліктерін терең біліп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен сөйлемдер құрылымындағы айырмашылықтарды біліп, керек кезінде түпнұсқаның мағынасын сақтау үшін сөзбе-сөз аударудан аулақ болғанда ғана қол жеткізуге болады.Мағынасын сақтап адаруды еркін аударма деп те атайды.Еркін аударма аудармашыға түпнұсқа мәтінін түсіндірулер мен қосымшалар, түбегейлі өзгертулер арқылы жеткізуге шексіз мүмкіндіктер береді. Сол себептен еркін аударма объективті емес, өйткені аударылатын мәтінді жазған адамның дәл солай дегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, келісімшарттарды,маңызды құжаттарды аударғанда ол жарамсыз болып қалады.Нағыз аударма сөзбе-сөз аудармадан бастапқы мәтінге мүмкіндігінше мағыналық ж/е құрылымдық жағынан жақындықты алады, бірақ бұл тілдік норманы бұзбауы және түсініксіздік туғызбауы керек. Түсініксіздік туған жағдайда бейімдеуді қолдануға болады, бірақ ол шектеулі көлемде болуы керек. Түпнұсқаға мағыналық-құрылымдық жақындықтан шегіну, яғни бейімделу қажеттіліктен туындаған амалсыз шара ретінде қарастырылады.Бір-бірімен қосылып, жетілдіре отырып, сөзбе-сөз және еркін аударма аударманың дамуына негіз жасайды.
Техникалық аударма
Техникалық аударма–әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында арнайы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма. Техникалық аударманы жүзеге асыратын адам екі тілді білуге міндетті. Түпнұсқаның мазмұның сауатты, нақ, дәл беру үшін аудармашы екі тілдің біреуін еркін меңгеруі керек. Техникалық аударманы жүзеге асырушы адам жаңа материалдарды пайдаланады, сондықтан оны қабылдау үшін белгілі дайындығы және арнайы білімі болуы керек.Кез келген екі тілді білетін адам техникалық аударманы жүзеге асыра алмайды. Техникалық аударма жасай алу үшін ғылыми-техникалық ақпарат алмасуда аудармашы қызметін атқаратын адам қандай қасиеттерге, білімге, дағдыға ие болуы керек?Бұл жерде әңгіме қазақ тілі мен орыс тілі туралы болып отырғандықтан, 1- аударып отырған тілін, яғни қазақ тілін түсіне алатындай деңгейде н/се керісінше; 2-басқа тілді ақпаратты сауатты бере білу үшін жеткілікті деңгейде білуі; 3-ақпарат көздерін пайдалана білу; 4-әртүрлі техникалық аудармалар жасай алуы; 5-терминологиялық минимумды білу керек. Аудармашы өзіне қажет арнайы мәліметтерді тез табу үшін қандай ақпарат көздері бар екенін, олардан не табуға болатынын, оларды қандай тәртіппен қолдануға болатынын білуі керек.Барлық ақпарат көздерін жалпы, арнайы ақпарат көздері деп бөлуге болады. Жалпы ақпарат көздеріне жалпы қолданыстағы сөздіктер және жалпы энциклопедиялар жатады. Сөздіктер екі тілді және бір тілді болады. Бір тілді сөздіктер: түсіндірме, синонимдер,антоним-р,омоним-р,орфографиялық, фразеологиялық болып келеді. Арнайы ақпарат көздеріне: арнайы сөздіктер, ғылым мен техниканың әртүрлі салалары бойынша анықтамалықтар, арнайы әдебиеттер жатады. Жалпы 2 тілді сөздіктерді табысты пайдалану үшін мыналарды есте сақтау керек: Кез келген жалпы екі тілді сөздік (фразеологиялық сөздіктен басқасы) сөздің аудармасын емес, әрбір сөздің мүмкін болатын баламаларын ғана береді. Қажет сөзді жылдам табу үшін алфавитті жақсы білу керек. Сөздікпен жиі жұмыс жасаған кезде алфавитті жақсы білу жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлық шартты белгілердің, қысқартулардың, сөздік мақалаларында кездесетін тыныс белгілерінің мағыналарын жақсы білу керек. Ол үшін сөздікті пайдаланбас бұрын сөздікті пайдалану туралы мақаланы зерде қойып оқып шығу және қысқартулар тізімімен танысу керек
Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының
Ғылыми-техникалық әдебиетті аударушының
ең негізгі міндеті – автордың ойын бұрмаламай, толық беру, аудармада қажетті терминологияны қолданып, сауатты әдеби тілмен аудару. Ғылыми-техникалық әдебиеттің аудармасына қойылатын негізгі талап аударманың түпнұсқаға толық сәйкес келуі керек, оны орысша «адекватность перевода» дейді. «Адекватный»-латын сөзі. Қазақ тіліндегі мағынасын: тең, толық сәйкес келетін, ұқсас,бірдей деген сөздер береді. Ғылыми-техникалық мәтіннің бірдейлігіне ақпараттық, ғылыми-техникалық дәлдікті сақтай отырып және түпнұсқаның стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып қол жеткізуге болады. Мұндай аударманы басқаша эквивалентті (лат. тең, тең мағыналы) және аутентивті (грек тілінде-түпнұсқаға сәйкес, дұрыс, шың) деп те атайды. Аударманың өн бойында бір затты немесе ұғымды білдіретін бір ғана термин қолдануы керек. Белгілі бір кәсіпорында ғана қолданылатын жергілікті сөздерді, архаизм-терминдерді қолданбау керек. Қазіргі кезде аудармада бір сөзді бір мәтіндік бірліктің өзінде бірнеше құбылтып қолдану жағдайлары кездеседі. Мысалы, «схема» деген сөзді бір мәтінде немесе бір ақпараттық бірлікте «сұлба», «сүлбе», «схема» деп немесе «сеть» сөзін бірде «желі», бірде «торап» деп аударатын жағдайлар жиі кездеседі.Тілдің барлық грамматикалық нормаларын сақтап, күрделі грамматикалық конструкцияларды көп қолданбай, аударылатын ақпаратты қарапайым және түсінікті етіп беру керек.
14) Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері
Аудармада кейде сөздікте жоқ, яғни баламасыз лексика деп аталатын сөздер кездеседі. Мұндай жағдайда аударманы баламасыз лексиканы жеткізудің тәсілдерін қолданып, іске асырады. Баламасыз лексиканы жеткізудің бірнеше тәсілдері бар:
1.Транслитерация. Шетел сөзін алып, оны аударма тілдің әріптерімен бейнелеу. Ондай сөздерге зауыт, пошта, станса т.б. сөздер жатады, бұл сөздер қазақ тіліне еніп кеткен. Ал орыс тіліне шетел тілінен енген жаңа сөздер қазақ тіліне де өзгертілмей алынып жүр: дисплей, ноу-хау, модем т.б. сөздер. Бұл тәсілдің артықшылығы–оның сенімділігі. Транслитерация–таныс емес, жеткіліксіз зерттелген сөздің тек дыбыстық сыртқы қабығын ғана көрсету. Мұндай сөздердің мазмұны контекст арқылы ашылады. Аудармашы осы тәсілді қолдана отырып, жаңа сөзді түсіндіруде қателік жіберіп алудан қашады.
2.Калькілеу.Бұл тәсілдің мәні баламасыз сөздің құрылымдық бөліктері олардың аударма тілдегі сөзбе-сөз нұсқауларымен ауыстырылады.: іскерлік банк,қызметтік автомашина, жоғарғы палата т.б.
3.Баламасыз лексиканың өзіндік сонылығын сақтап, аударма тілдің мүмкіндігін пайдаланып, жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау. Зейнеткер, тіркелім, бағдаршам, тікұшақ т.б.
4.Сипаттама (түсіндірме) аударма тәсілі–баламасыз лексиканы тілдік бірліктің мағынасын кеңінен сипаттау (сөз тіркестері, фразалар) арқылы жеткізу. Оның артықшылығы сипатталатын құбылыстың мәнін толық ашу мүмкіндігін береді. Түпнұсқа тіліндегі сөз беріледі де, оның беретін мағынасы аударма тілдің тәсілдерімен түсіндіріледі.
5.Ұқсасатырып аудару тәсілі–Аяз Ата,Қарша Қыз.
Ауызша сөйлеу тілі этикасы.
Этика (грек тілінен – әдет-ғұрып)–мораль, өнеге туралы ілім. Этика терминің тұңғыш рет Аристотель адамдар дұрыс, өнегелі іс істеуі үшін не істеуі қажет деген сұраққа жауап беретін практикалық философияны атау үшін қолданды. Этикет – мінез-құлықтың қалыптасқан тәртібі.Іскерлік этикетті білу кәсіпкер үшін өте маңызды. Бұл жөнінде 1936ж Дейл Карнеги былай деп жазған: «Адамдардың қаржы мәселесі бойынша істерінің табысты болуының тек 15% оның кәсіби біліміне байланысты болады да, 85% оның адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуына байланысты болады».Карнеги адамдарға әсер етудің алты ережесін ұсынады: Басқа адамдарға көңіл бөліңіз. Сир: «Басқа адамдар бізді білгісі келгенде, біз оларды білгіміз келеді» деп жазған. Күлімсіреңіз. Қытайлар: «Адам күлімсіремей тұрып дүкенің ашпауы керек»,-дейді. Адам үшін оның өз аты–ең маңызды дыбыс, сондықтын әр адамды аты-жөнімен атаңыз. Сабырлы тыңдаушы болыңыз. Тыңдаушыңызды қызықтыратын мәселелер жөнінде сөйлеңіз. Әңгімелесушіңізге шын көңілден жақсы баға беріңіз. Іскерлік этикетке дұрыс киіну, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері т.б. жатады. Іскерлік этикет бойынша өзіңіздің партнерыңыздың еліне тән ұлттық дәстүрлер мен салттарды мүлтіксіз орындауыңыз қажет. Бұл сіздің бизнесіңіздің табысты болуы үшін маңызды шарт болып табылады. Сөйлесу кезінде тыңдаушыға сөйлеушінің даусы, тоны, интонациясы, тембрі көп нәрсені аңғартады. Психологтардың деректері бойынша сөйлеу кезіндегі сөйлеуші интонациясы мен тоны ақпараттың 40% жеткізе алады екен. Сондықтан, көзбе-көз немесе телефонмен сөйлесу кезінде өз эмоциянызды тежеп, бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз және сөйлесіп отырған адамыңыздың сөзін бөлмеңіз.
Техникалық терминдер-ң жасалуы-ң аналитикалық(синтаксис-к)тәсілі.
Аналитикалық тәсіл дегенде-2 немесе 3 түбірдің бірігуінен жасалған және 2 не одан көп сөздердің тіркесуінен, қосарлануынан жасалған терминдерді айтамыз. Техникалық терминдер де 2,3,4 сыңарлы болып келеді. Олардың әр компоненті жеке тұрғанда терминдік мәнге ие бола алмайды. Тіркесіп келгенде ғана біртұтас ұғымды білдіріп, терминдік сипатқа ие болады. Тіркесті терминдердің лексикалық ерекшеліктері: а) 2 сыңары да қазақ сөздерінен тұратын екі сыңарлы тіркесті терминдер: қайнар көз, қосалқы бөлшектер, су ағыны, жылу мөлшері, белгілеуіш аспап т.б.
ә) 2 сыңарлы тіркесті терминдердыі 1 сыңары қазақ сөзінен, екіншісі кірме сөз болып келеді: бастапқы энергия, кристалдық торкөз, техникалық шаралар.
б)2 сыңары да кірме сөздерденболған терминдер: инертті газ, активті ток, асинхронды генератор т.б.
Терминдердің жасалу тәсілдері. Синтетикалық тәсіл
.Қазақ тіілндегі салалық терминдердің жасалуын былайша топтастыруға болады:
1.семантикалық (мағынасы бойынша);
2.морфологиялық (жұрнақ арқылы);
3.синтаксистік (сөздердің тіркесуі,бірігуі,қосарлануы);
4.калькалау (сөзбе-сөз аудару);
5.сөздерді қысқартып алу (аббревиатура).
Осындай жолмен жасалған терминдер құрамына қарай синтетикалық ж/е аналитикалық та болып бөлінеді. Синтетикалық жолмен жасалған терминдерге семанитикалық, морфологиялық, калькалау арқылы пайда болған бір түбірлі немесе жұрнақ арқылы қалыптасқан жаңа сөздер де болуы мүмкін.Мысалы, үрлеу, барлау, қысым, өріс, қозғалтқыш т.б. Аналитикалық тәсіл (синтаксистік) сөздердің бірігуі,тіркесуі,қосарлануы, қысқаруы арқылы жасалған терминдер жатады. Оған семанитикалық,калькалау жолымен жасалған терминдер де кіреді. Мыс, автомат сақтандырғыш, килокалория,автоматтық басқару, суөлшегіш, бірфазалы құрылғы, құрал-жабдық, автотрансформатор т.б.
Сөз жасаудың синтетикалық амалдары арқылы жүзеге асатын түрі морфологиямен,морфологиялық категориялармен тығыз байланысты. Техникалық терминдердің грамматикалық формаларын сөз еткенде, қосымшалардың терминжасам деңгейіне қарай,өнімді, өнімсіз түрлері деп бөліп қарастыруға болады.
Актив жұрнақтар арқылы жасалатын терминдер
Қазақ тілі сөзжасам жүйесіндегі өнімді жұрнақтар сол ізбен терминжасамда да өнімді жұрнақтар болып келеді. 1.–лық,-лік,-дық,-дік,-тық, -тік.Осы жұрнақтар арқылы сипаттау мен қатыстылық мағынасы бірден байқалады.Яғни заттың қасиеті мен қызметін анықтап тұрады.Мыс, автоматтық құрылғы, адымдық кернеу, анкерлік тірек, беттік түйіспе, бойлық қадам т.б. 2.Тіркесті терминдерде –лы,-лі;-ды,-ді;-ты,-ті қосымшалы сын есім сөзге нақтылы терминдік мағына, жаңа сапа үстемеленетіндігін білдіреді (білікшелі диірмен, бұдырлы құбыр, бірорамды ток трансформаторы, жасанды отын, орнықты тепе-теңдік т.б.) 3. –У қимыл есім тұлғалы лексемалар жеке атау ретінде ұғынылып, термин жасау дәрежесіне ие болған. –У тұлғасының мағынасы сөз түрлендірушіден гөрі, сөз тудырушы қасиеті басым.Мыс, өндіру, өңдеу, тасымалдау, кеңейту, пайдалану, айналу, тазарту, игеру, майысу т.б. 4.–ғыш, -гіш; -қыш, -кіш. Бұлар етістіктен сын есім, зат есім туғызады. Мыс, ажыратқыш, ауа жылытқыш, ауа жинағыш, ауабаптағыш, шалаөткізгіш т.б.
Пассив жұрнақтар арқылы жасалған терминдер
Пассив жұрнақтар арқылы жасалған терминдер
1.–ыс, -іс, -с. Бұл қосымшалар етістіктен зат есім тудыру арқылы терминдерді қалыптастырады: қозғалыс, байланыс, өндіріс, өзгеріс, айналыс т.б.
2.–ым, -ім, -м. Бұл жұрнақтар арқылы етістіктен зат есім жасалады: қысым, өлшем, төсем, өнім, келісім т.б. 3.–ма, -ме; -ба, -бе; -па, -пе. Мыс, қазба жұмыстары, тұнба, құрама оқшаулатқыш, құйма оқшауламалы трансформатор т.б. 4.–ынды, -інді. Бұл жұрнақтар арқылы етістіктен зат есім терминдер жасалады. Мысалы, ерітінді, сүзінді, қорытынды, шөгінді т.б.